БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ: «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» 10 күндік іс-шаралар легі басталды

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ: «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» 10 күндік іс-шаралар легі басталды

Бүгін Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік рухани-мәдени жобаның аясында арнайы баспасөз мәслихаты өтті.  Баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар жобаның мақсаты мен құрылымын таныстырып, әр күннің тақырыптық мазмұны мен негізгі іс-шаралары туралы толық ақпарат берді. Мақсаты – ұлы ойшылдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, Абай ілімін заманауи форматта жастарға жеткізу және қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу.