«Qosyl» жобасы: Ауыл жастарына қолжетімді қолдау мен мүмкіндік

«Qosyl» жобасы: Ауыл жастарына қолжетімді қолдау мен мүмкіндік

Облыстық Жастар ресурстық орталығы «Jetisu jastary» «Qosyl» атты көшпелі жобаны іске қосты. Бұл жоба ауыл мен қала жастарының әлеуметтік, психологиялық және кәсіби ресурстарға қолжетімділігіндегі цифрлық және аумақтық алшақтықты азайтуға бағытталған.

Жүргізілген талдаудың нәтижелері облыс орталығында және ауылдық жерлерде тұратын жастар арасында айтарлықтай теңсіздік бар екенін көрсетті. Сауалнама деректері бойынша, ауыл жастарының 60%-ы кәсіби және психологиялық көмекке арналған қолжетімді сервистер туралы білмейді, ал 25%-ы өз өңірінде мамандығы бойынша жұмыс табуға күмәнмен қарайды.

Осыған байланысты «Qosyl» жобасы қолға алынды – бұл ауылдар мен шағын қалаларға тікелей барып қызмет көрсететін мамандардың мобильді тобы. Жобаның мақсаты – жастарға өз елді мекендерінде жан-жақты қолдау көрсету: кеңес беру, оқыту, ақпараттық көмек және қарым-қатынас пен дамуға жайлы орта құру.

«Qosyl» мобильді тобы жұмысының негізгі бағыттары: кәсіби бағдар беру және жұмысқа орналасуға көмектесу; психологиялық қолдау; құқықтық сауаттылықты арттыру; бос уақытты тиімді ұйымдастыру мен ағартушылық бағдарламалар; жастар қауымдастықтарын құруға жәрдемдесу.

«Qosyl» жобасы жастарға өз елді мекенінен шықпай-ақ қажетті ақпарат, қолдау мен мотивация алуға мүмкіндік береді. Көшпелі форматтың арқасында жастар облыс орталығына бармай-ақ білікті мамандардың көмегіне қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, жоба аясындағы кездесулер достық қарым-қатынасты кеңейтіп, жергілікті бастамалардың дамуына және белсенді жастар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді.