1.1. Жетісу облысы әкімі «Құлагер» сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) мен жаңа медиа өкілдері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін байқау. Байқаудың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).
1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.
1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзге де өзекті мәселелерін жариялап жүрген штаттық немесе штаттан тыс авторлар, өңірлік газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, ақпараттық агенттіктер мен жаңа медиа өкілдері қатыса алады.
2.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы халықты облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.
2.2. Байқаудың негізгі мақсаттары:
- Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және ілгерілету;
- Жаңа медианы танымал ету (блогинг, мобильді журналистика және т.б.);
- Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету.
2.3 Байқаудың негізгі міндеттері:
3.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауына қатысушылар:
- Өңірлік БАҚ, Республикалық БАҚ облыстағы меншікті қызметкелері;
- Жеке үміткерлер – өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар, телерадиокомпаниялар мен басқа да ақпараттық ұйымдардың өкілдері;
- Жаңа медиа өкілдері (блогерлер, қауымдастық әкімшілері және басқалар).
3.2. Үміткер ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Үміткер туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады;
3.3. Өткен жылы (2024 жыл) конкурстың жеңімпазы атанған БАҚ және жаңа медиа өкілдері ағымдағы конкурсқа қатыспайды.
4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР
5.1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Тіркелген баспасөз, электрондық БАҚ-та және жаңа медиада 2024 жылғы 1 маусымнан бастап 2025 жылғы 23 маусым аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал ұсынылуы тиіс.
5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды.
5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):
БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.
6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2025 жылғы 24 маусымға дейін қабылданады. Конкурсқа 2024 жылдың 1 маусмынан 2025 жылғы 23 маусым аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, телеэфирлерде, әлеуметтік желілерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады.
6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.
7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.
7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені басшылыққа алады.
8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр аталым бойынша қазылар алқасын құрады;
8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды;
8.3. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы –қоғамдық журналистік ұйымдардың, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және т.б.
8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.
9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
9.2. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы.
9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2025 жылдың 27 маусымда өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.
9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары сертификатпен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.
10.1. Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.
10.2. Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: 7su-smi@mail.ru .
10.3. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;
10.4. Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.
10.5. Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:
10.6. Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда және басқа да дереккөздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.