«Тіл саясатын іске асырудағы инновациялар: ізденістер мен шешімдер» атты республикалық семинар

«Тіл саясатын іске асырудағы инновациялар:  ізденістер мен шешімдер» атты республикалық семинар

2025 жылғы 5 маусымда Жетісу облысының әкімдігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Тіл саясатын іске асырудағы инновациялар: ізденістер мен шешімдер»  тақырыбында республикалық семинар өтті.

Аталған семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тлешов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Бөрібаев, қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіт, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің» Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ә.Әрінұлы, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдігінің тілдерді дамыту саласына жауапты басқарма басшылары мен орынбасарлары, бөлім басшылары, тіл оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушылары  қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік тілдің, әсіресе ғылым мен білім беру саласында қолданыс аясын кеңейту, тілді цифрландыру, IT, жасанды интеллекті салаларында кеңінен қолдану мәселесі қаралып, ұсыныс, пікірлер талқыланды. Семинарға қатысушылар Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығының тіл оқытудағы тиімді жұмысымен танысты, өзара тәжірбие алмасты.    

Іс-шара барысында тілдерді қолдану мен дамыту саласында, тіл мәдениетін көтеруде өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар Жетісу облысы әкімінің Алғысхатымен марапатталды.