“Өнерлі отбасы” — Карибаевтар отбасы

“Өнерлі отбасы” — Карибаевтар отбасы

 

Жетісу ауылдық мәдениет үйінде Карибаевтар отбасымен шығармашылық кездесу өтті. Бұл отбасында өнерді қадірлеген, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа аманат еткен дәстүр ерекше орын алады. Шара барысында Карибаевтар отбасының мүшелері өз өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, күй шертіп, өлең оқып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен жастар Карибаевтар отбасынан өнер мен мәдениеттің қадір-қасиетін, шығармашылық шабытты сезініп, рухани байлықтың маңызын түсінді. Ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы отбасының еңбегі жоғары бағаланды.

Шара соңында мәдениет үйінің ұжымы мен ауыл тұрғындары Карибаевтар отбасына шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.