Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Алтынбекұлы Думан
Директор
Общая информация, образование

Алтынбекұлы Думан 1989 жылы 14 маусымда Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылында дүниеге келген. Талдықорғандағы М. Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының түлегі. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандағы бойынша оқып бітірген. 2007 жылы әскерге шақырылып, Шымкент қаласында Отан алдындағы борышын өтеді. Әскер қатарында жүріп, Ішкі әскерлердің «Қалқан-Шит» газетінде штаттан тыс әскери тілші болды.

Карьера

Ал 2009 жылы облыстық «Алатау» қоғамдық-саяси газетіне жұмысқа қабылданып, еңбек жолын журналист ретінде бастады. Артынша жауапты хатшы қызметін атқарды. 2010 жылы облыстық «Жетісу» телеарнасына ауысып, қазақ редакциясында диктор, редактор, бас редактор болды. 2019 жылы «Евразия» телеарнасы мен «Халық үні» ақпараттық порталында меншікті тілші қызметтерін қатар алып жүрді. 2022 жылы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі - баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Ал, 2023 жылдың маусым айынан облыстық «Жетісу» Телеарнасы» ЖШС директоры болып тағайындалды.

 

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Ақболатов Еркебұлан Ешмұхамбетұлы
Директор КМУ
Общая информация, образование

Ақболатов Еркебұлан Ешмұхамбетұлы – 1994 жылы 29 наурыз Көксу ауданы, Балпық би ауылында дүниеге келген.

Карьера

2012 - жылы Ілияс Жансүгіров Жетісу атындағы Мемлекеттік колледжін бітірген.
2016 - жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын бакалавр дәрежесі бойынша бітірген.
2017 - жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын магистратура дәрежесі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Алматы облысының Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы ретінде бастап, 2015-2018 ж.ж. Алматы облысының Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің маманы, 2018-2024 ж.ж. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы, 2021 жылдан “Жетісу Жастары” КММ директорының орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2023 жылдың наурыз айынан Жетісу облыстық маслихатының депутаты болып табылады. 2024 жылдың сәуір айынан бастап “Жетісу Жастары” КММ-нің директоры.2024 жылдың қыркүйек айынан бастап "Қоғамдық келісім" КММ-нің директоры.

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
abibekov.b@zhetysu.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Абибеков Бауыржан Бақытұлы
Басқарма басшысы
Общая информация, образование

1987 жылы туған. Жоғары білімді. Алматы технологиялық университетін, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын экономика, құқық мамандықтары бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын Алматы қаласы бойынша салық департаментінің салықтық әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы, бас маманы болып бастады.

Әр жылдарда Көксу ауданының қаржы бөлімінің, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы, Алматы облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Сарқан, Көксу аудандарында әкім аппаратының басшысы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды.

2024 жылдың ақпанынан Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Абдумажитов Марат Керимбаевич
ҚМУ басшысы
Общая информация, образование

1963 жылы 13 қыркүйекте Талдықорған облысы, Гвардейск ауданы, Сары Өзек кентінде дүниеге келген.

1970-1978 жылдар аралығында №1 орта мектепте оқыды. В. И. Ленин Талдықорған қаласы, оны бітіргеннен кейін Талдықорған индустриалды-педагогикалық техникумында оқыды.

1984-1989 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында "инженер-механик" мамандығы бойынша оқыды.

Карьера

1982 жылы Талдықорған қалалық әскери комиссариатымен әскери қызметке шақырылды. Қызмет жолын 1984 жылдың мамыр айында Хабаровск өлкесінің Советская Гавань қаласының № 33126 әскери бөлімінде өтті.

1989-1991 жылдар аралығында Талдықорған қаласының №1 автожол КТУ арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді.

КСРО МҚК - ҚР ҰҚК органдарында 1991 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет атқарады. Ташкент қаласындағы КСРО МҚК Жоғары курстарын аяқтағаннан кейін, 1992-2018 жылдар аралығында Талдықорған облысы бойынша МҚК-ҰҚК, Алматы облысы бойынша ҚР ҰҚКД жедел және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

ҚР ҰҚК 13 ведомстволық медальдарымен, грамоталарымен алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, үш бала тәрбиелеген. 2022 жылғы ақпанда Жетісу облысы ішкі саясат басқармасы ММ "талдау және болжау орталығы" КММ басшысы лауазымына тағайындалды, 2023 жылдың қазан айында"Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" ММ "коммуникация және мониторинг орталығы" КММ басшысы лауазымына қайта тағайындалды

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Усанова Руфина Касымовна
ММ «Қоғамдық келісім» басшысы
Общая информация, образование

1984 жылдың 19 тамызында Талдықорған облысы, Ескелді ауданы Көкжазық ауылында дүниеге келді.

2005 жылы - «Жетісу» институты

2011 жылы - Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы

2022 жылы - І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Экономика ғылымдарының магистрі

Карьера

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ жетекші бақылаушы болып бастаған. 2008 -2012 жылдары «Алматы облысының Қазақстан халқының Кіші Ассамблеясы» қоғамдық қорының жобалау менеджері, 2012 – 2021 жылдар аралығында Алматы облысының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» қоғамдық қорында жоба менеджері болып жұмыс істеді. 2022 жылы «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарып, шілде айынан бастап директордың міндетін атқарушы болды. 2022 жылдың 20 қыркүйегінде «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» басшысының міндетін атқарушы ретінде жұмысқа қабылданып, 2023 жылғы 26 қаңтарда осы мекеменің басшысы лауазымына тағайындалды.

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Қауас Данияр Муслимұлы
Басшы
Общая информация, образование

Қауас Данияр Муслимұлы 1987 жылы 26 қыркүйекте Жетісу ауданы, Балпық Би кентінде дүниеге келген.1994-2005 жылдары  Көксу ауданындағы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде білім алған.2007-2012жылдары Көкшетау қаласындағы «Көкше» академиясында «Қаржы» мамандығы бойынша оқыған. 2020 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде құқық магистрі дәрежесін алған.Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

Карьера

2009 -2010 жылдар  аралығында «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Көксу аудандық филиалына көлік жүргізуші, 2010 -2012 жылдары Балпық би кенті «Көксу жылу» орталығында  от жағушы, 2012-2017 жылдары «Алматы облысының жастар орталығы» мемлекеттік мекемесінде көлік жүргізуші ретінде жұмыс жасады. 2017-2019 жылдары «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ  «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ  әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2019 жылдың 09 сәуірінен бастап 2022 жылдың 30 мамырына дейін  осы мекеменің басшысының  орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың маусымы мен қыркүйек айларында «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Талдау және болжау орталығы» КММ  басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2022 жылдың 12 қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін «Жетісу облысының қоғамдық даму басқарамасы» ММ «Техникалық және шаруашылық қызмет көрсету орталығы» КММ басшысы қызметін атқарып келеді.

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Жолдыбаев Жеңіс Хамитұлы
КММ басшысы
Общая информация, образование

        2004-2009 жж І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

        2010-2012 жж Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық

        академиясы

        2015-2017 жж І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Карьера

Еңбек жолын Ақсу аудандық мәдениет бөлімі, драма үйірмесінің жетекшілігінен бастады. Б. Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында дыбыс режиссері, дыбыс операторы және театр әртісі,
М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары, М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің  директоры, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында штаттан тыс әдіскер, Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік мекемесінің Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы.

 

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Ванкеев Шамиль Дуйсенгазиевич
руководитель
Общая информация, образование

Родился 9 октября 1996 года в Панфиловском районе, село Коктал.

Образование:

Высшее, юрист, 2014–2018 гг., университет MNU (КАЗГЮУ), г. Астана;

Магистратура, юриспруденция, 2018–2020 гг., университет SDU.



Карьера

Еңбек жолын MNU университетінде волонтер, «Билер кеңесі» студенттік үкіметінің төрағасынан бастап, «Қазақстан студенттері Альянсының» Алматы облыстық төрағасы, SDU университетінде студенттік ұйымдар координаторы, әлеуметтік істер департаментінің директоры, «Menin Armanym» қайырымдылық қорының атқарушы директоры, Narxoz университетінде әлеуметтік жоба жетекшісі қызметтерін атқарған. 2025 жылдың 4 ақпанынан «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Jetіsý jastary» КММ директоры.

 

 

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Бозым Шыңғыс Өмірғалиұлы
Руководитель ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление общественного развития области Жетісу»
Общая информация, образование

1976 жылы 29 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қара-Қастек ауылында дүниеге келген. Д. А. Қонаева атындаға университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және  «Көкше» академиясы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын ҚР Білім және ғылым министрлігінің қожалық автошаруашылығының бастығы болып бастаған.

 Әр жылдары өнеркәсіптік объектілерді салу бойынша механик, Құрылыс техникасы және механизмдері бойынша менеджер, «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы, әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК директорының орынбасары қызметтерін атқарды Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Кәсіпкерлер Палатасы Көксу аудандық филиалының директоры, «Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары, 2023 жылдан бастап «Жетісу Медиа» ШЖҚ МКК «Жетісу Медиа» ШЖҚ МКК «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысы.

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Нұрбеков Әли Әлімұлы
руководитель КГУ
Общая информация, образование

1992 жылы 13 шілдеде Алматы облысы Ескелді ауданы Алдберген ауылында дүниеге келген. Көксу ауыл шаруашылығы колледжін ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру мамандығы бойынша және Alikhan Bokeikhan University дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын «Қайнар АҚБ» ЖШС-де сылаушы болып бастаған. Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы «Техникалық және шаруашылық қызмет көрсету орталығы» КММ шаруашылық қамтамасыз ету маманы болып жұмыс істеді. 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап «Техникалық және шаруашылық қызмет көрсету орталығы» КММ басшысы болып тағайындалды.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы