«Қызым саған айтамын...» - атты аудандық байқауы

«Қызым саған айтамын...» - атты аудандық байқауы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Балқаш ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мен «Ақжүніс» әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Желтораңғы ауылында «Қызым саған айтамын...» - атты аудандық байқауы өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша 1- орынды Көктал ауылдық округінің, 2-орынды Ақкөл ауылдық округінің, 3-орынды Желтораңғы ауылдық округінің қатысушылары жеңіп алып, арнайы сертификаттармен марапатталды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табысталды.