«ХАРЕКЕТ»-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ. Балқаш ауданы.
Киелі өңірімізде көмекке мұқтаж, баспанасыз жүрген жандардың бар екендігі ащы да болса шындық. Бірақ, көңіл қуантарлығы сол, өңіріміздегі көптеген отбасылардың баспаналы болуына республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры мұрындық болуда. Яғни, аталған қор бүгінде өмірдің ауыртпалығына төтеп беріп жүрген қайсар, көпбалалы, жалғызбасты әкелер мен аналар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасылар мен халық арасын жалғаған алтын көпірге айналды.
Қашанда «Жесірін жылат-паған, жетімін қаңғыртпаған» қазақстандықтар жанашыр халық. Басына сан алуан қиын-дық түссе де, балаларының бақыты мен амандығы үшін өмір сүріп жүрген қазақтың аналары нағыз батыр дерсің?!
Республикалық қордың осы уақытқа дейін аудандағы 10 отбасыны баспаналы еткенінен аудан тұрғындары хабардар. Бұл жолы да аталған қор арқылы баспананың кілті кезекті отбасыға табыс етілді.
11-ші баспана жолдасы қайтыс болған, Балқаш ауданының тұрғыны, екі баланың анасы Жоланова Ләззатқа Бірлік ауылынан бұйырды. Жалғызбасты анаға республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы беріліп отырған Қазақстан бойынша 566-шы тұрғын үйдің кілтін аудандық полиция бөлімінің ұжымы табыс етті.
Еліміздегі қайырымдылық-тың бастауына айналған қор ұжымына баспаналы болған Ләззат Жоланова өз алғысын айтты.
Қайырымды болайық, қай-ырымдылық жасаудан тыс қалмайық, балқаштық ағайын!
Республикалық «Харекет» қайырымдылық қорына Балқаш ауданы бойынша тез арада еріктілер қажет.
Егерде Сіз өз тарапыңыздан қайырымдылыққа үлес қосып, аудандағы отбасылардың баспаналы болуына қолұшын созғыңыз келсе, ерікті болуға шақырамыз! Бірақ, айта кететін жайт, еріктілерге еңбекақы төленбейді. Қосымша ақпарат алу үшін: 87475970810, 87772140403 нөмірлеріне хабарласуға болады.
ающиеся в помощи, бездомные. Но, к счастью, многие семьи в нашем регионе получили жилье от республиканского благотворительного фонда "Харекет". То есть данный фонд стал золотым мостом между самоотверженными, многодетными, одинокими отцами и матерями, семьями, имеющими детей с ограниченными возможностями и оставшимися без попечения родителей и населением, которые сегодня выдерживают тяготы жизни.
Жители района информированы о том, что до настоящего времени Республиканский фонд обеспечил жильем 10 семей района. В этот раз через данный фонд ключи от жилья были вручены очередной семье. 11-й дом достался Жолановой Ляззат из села Бирлик, жительнице Балхашского района, матери двоих детей. Ключи от 566-го жилого дома по Казахстану, переданного через республиканский благотворительный фонд «Харекет» матери-одиночке, вручил коллектив районного отдела полиции.
Свою благодарность коллективу Фонда, ставшего началом благотворительности в стране, поблагодарила Ляззат Жоланова.
В республиканский благотворительный фонд «Харекет» срочно требуются волонтеры по Балхашскому району.
Если вы со своей стороны хотите внести свой вклад в благотворительность и обеспечить жильем семьи в районе, призываем быть волонтерами! Но стоит отметить, что волонтерам не платят зарплату. За дополнительной информацией обращаться по телефонам: 87475970810, 87772140403.