Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті .

Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті .

Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті . Алматы облысының бас санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Алматы облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді. Алматы облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады. Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.