
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласын қолдауға ағымдағы жылы 34,9 млрд. теңге бөлінді, оның 23,2 млрд.теңгесі – субсидия (2023 жылы – 34,1 млрд. теңге, оның ішінде субсидия - 26,3 млрд. теңге).
Оның ішінде: егін шаруашылығына – 8,5 млрд. теңге, мал шаруашылығына – 6,9 млрд. теңге, инвестициялық субсидиялауға – 3,3 млрд. теңге, сыйақы ставкасын субсидиялауға – 2,4 млрд. теңге, сүт зауыттарына – 1,0 млрд. теңге.
Аграрлық несие корпорациясының несие бағдарламалары аясында – 11,5 млрд. теңге бөлініп, оның 4,0 млрд. теңгесі көктемгі дала жұмыстарына бағытталды. Бүгінгі күнге, «Кең Дала-1» және «Агробизнес» бағдарламалары аясында 112 шаруашылық 2,1 млрд. теңге несие алған.
Жаңа «Кең дала – 2» бағдарламасы аясында облысқа 3 млрд. теңге бөлінді, бүгінгі күнге 1 541,3 млн. теңге несие алуға 55 өтінім түсіп,
35 шаруашылыққа 815,6 млн. теңгеге несие берілді, 685,5 млн. теңгеге
16 шаруашылықтың өтінімі мақұлданды, 40,3 млн. теңгеге 4 шаруашылықтың өтінімі қаралуда.
Қазіргі уақытта, бөлінген қаражатты толық игеру мақсатында аграрлық несие корпорацияның өкілдерімен бірлесіп «Кең дала - 2» бағдарламасы шарттарының жеңілдетілгені туралы шаруалар арасында түсіндіру жұмысы жалғастырылуда.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 2 млрд. 816 млн. теңге бөлінді.
Бағдарлама бойынша өтінімдер ағымдағы жылдың 2 мамырынан қабылдана бастады. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 2 млрд. 557,9 млн. теңгеге
329 өтінім қабылданды (мал шаруашылығы – 245 өтінім / 1 млрд. 874,1 млн. теңге, өзге бизнес түрлері - 84 өтінім / 683,8 млн. теңге).
2024 жылға бағдарлама шеңберінде 7,0 млрд теңге бөлініп, «Жетісу» ӘКК сенімді агент болып анықталды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің №322 бұйрығымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларының енгізілген өзгерістерге сәйкес, өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 24 маусымынан бастап қайта басталды.
Жалпы облыстаауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 122 кәсіпорын жұмыс жасайды, оның ішінде ірі кәсіпорындар: қант зауыттары («Ақсу қант зауыты» ЖШС – 450 мың тн/жыл, «Көксу қант зауыты» ЖШС – 250 мың тн/жыл), сүт зауыты («JLC Сүт» - 23 мың тн/жыл), май зауыттары («Уыз Май Индастри» ЖШС - 46 мың тн/жыл, «Агрокомплекс Жетысу Мажико» ЖШС – 100 мың тн/жыл), диірмен («Sardar Expоrt» ЖШС - 13 мың тн/жыл), крахмал-сірне зауыты («Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС - 150 мың тн/жыл), құс фабрикасы («Когер ЛТД» ЖШС – 419 млн/дана жылына).
Ағымдағы жылдың 5 айы бойынша тамақ өнімдері 30 млрд. теңгеге өндірілді.
Жалпы заттай көріністе сұйық май – 1,7% (6,1 мыңнан 6,3 мың тн-ға), крахмал –10,6% (9,4 мыңнан 10,4 мың тн-ға), нан өндірісі – 9,9% (3,6 мыңнан 4 мың тн-ға), кондитерлік өнімдер – 37,2% (84 тн-дан 115 тн-ға) ұлғайды.
Экспортқа облыстан жыл басынан бері жалпы 11 млн. АҚШ долларына 31,6 мың тонна азық-түлік өнімдері шығарылды.
Ағымдағы жылы Ақсу ауданында 200 бас ірі қара малға арналған
«Ералы» ЖК бордақылау алаңын салу жобасы және қуаттылығы 100 тонна сүт өнімдерін өндіретін «NK» ЖК жобасы іске қосылды.
Облыста 26 мың басқа арналған 71 бордақылау алаңы және 8,2 мың басқа арналған 36 сүт фермасы жұмысын жүргізуде, жылына 380 млн. жұмыртқа шығаратын «Көгер ЛТД» ЖШС құс фабрикасы жұмыс істейді.
Жыл басынан 30,2 мың тонна ет, 87,9 мың тонна сүт, 105,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді.