Күзгі жиын-терін жалғасып жатыр

Күзгі жиын-терін жалғасып жатыр

Жетісу облысында күзгі жиын-терін қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, 12 қазандағы дерек бойынша себілген 324,4 мың гектар дәнді дақылдардың 272,7 мың гектары немесе 84,1% орылып, 544,6 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 20,0 центнерді құрап отыр. Соның ішінде масақты-дәнді дақылдардың 260,2 мың гектары немесе 97,7% орылып, 468,9 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарына 18,0 центнер.

Шаруалар қант қызылшасын жинауға да белсене кірісіп жатыр. Бүгінгі күнге тәтті түбірдің 3,5 мың гектары немесе 41,2% жиналып, 142, 4  мың тонна өнім алынды, әзірге орташа өнімділік гектарына 402,4 центнерді құрап отыр.

Дәндік жүгерінің 12,2 мың гектары немесе 21,4% жиналып, 74,8 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділік гектарына 61,3 центнерден айналды.

Күріштің 300 гектары немесе 27,7% жиналып, одан бүгінгі күні 0,94 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділік гектарына 32,0 центнер болып отыр.

Майлы дақылдардың 26,9 мың гектары (33,4%) жиналды, 43,2 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділік гектарына 16,1 центнерді құрайды.

Картоптың 9,0 мың гектары немесе 76,2% жиналып, одан 185,9 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділік гектарына 205,7 центнер.

Көкөністің 7,1 мың гектары немесе 94,1% жиналып, 211,6 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділік гектарына 298,0 центнер болып отыр.

Бақша дақылдары толығымен жиналып болды. 1,8 мың гектардан  51,5 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділік гектарына 286,1 центнерді құрады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.