Хабарландыру!

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығының 23-тармағына сәйкес Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2026 жылғы 14 ақпаннан бастап «Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша СМАЖ веб-порталы (субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі) арқылы өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

2026 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және басым дақылдар өндірісін, оның ішінде көпжылдық екпелерді дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары:

қант қызылшасы – 25000 теңге тоннасына

дәндік жүгері – 13000 теңге тоннасына

майлы дақылдар – 6000 теңге тоннасына

қарақұмық - 8000 теңге тоннасына.

өнеркәсіптік жылыжайда көкөністер - 8148120 теңге гектарына

фермерлік жылыжайда көкөністер - 4858142 теңге гектарына.