Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» 55-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" бағдарламасы бойынша СМАЖ (субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі) веб-порталы арқылы өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабардар етеміз. Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша 2026 жылғы 1 ақпаннан 1 желтоқсанға дейін, 2026 жылы және 2025 жылғы төртінші тоқсанда (қазан, қараша, желтоқсан) сатып алынған тұқымдар үшін жүзеге асырылады.