Басқарма өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
2025 жылдың төртінші тоқсанында басқарма тарапынан 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу кезінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
- Басым дақылдар өндірісін, оның ішінде көпжылдық екпелерді субсидиялау;
- Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға арналған субсидиялау;
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау;
- Экономикалық зияндылық шегінен жоғары санды зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, сондай-ақ карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтер мен биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау;
- Тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау;
- Ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау;
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;
- Түпнұсқалық, элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарын өндірушілер мен тұқым сатушыларды аттестаттау;
- Су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.
2025 жылдың 4-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 3924-ті құрады (оның ішінде заңды тұлғалар – 765, жеке тұлғалар – 3159).
Көрсетілген қызметтер бөлінісінде:
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу және лизинг кезіндегі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау – 639
(заңды тұлғалар – 639);
- Басым дақылдар өндірісін, оның ішінде көпжылдық екпелерді субсидиялау – 1190
(заңды тұлғалар – 25, жеке тұлғалар – 1165);
- Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 109
(заңды тұлғалар – 13, жеке тұлғалар – 96);
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен сапаны арттыруды субсидиялау – 207
(заңды тұлғалар – 50, жеке тұлғалар – 157);
- Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу – 118
(заңды тұлғалар – 15, жеке тұлғалар – 103);
- Пестицидтер мен биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау – 870
(заңды тұлғалар – 19, жеке тұлғалар – 851);
- Тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау – 365
(заңды тұлғалар – 17, жеке тұлғалар – 348);
- Қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу шығындарын субсидиялау – 24
(заңды тұлғалар – 20, жеке тұлғалар – 4);
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау – 1695
(жеке тұлғалар – 1695);
- Тұқым өндірушілер мен сатушыларды аттестаттау – 1
(заңды тұлғалар – 1);
- Су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу – 5
(заңды тұлғалар – 4, жеке тұлғалар – 1).