Жетісу облысында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында микрокредит алуға өтінімдер қабылдау 2026 жылдың 12 қаңтарынан қайта басталды.

Жетісу облысында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында микрокредит алуға өтінімдер қабылдау 2026 жылдың 12 қаңтарынан қайта басталды.

 

Хабарландыру

 

Жетісу облысында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында микрокредит алуға өтінімдер қабылдау 2026 жылдың 12 қаңтарынан қайта басталды.

Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл халқының табысын арттыруға және ауылдағы кооперацияны қолдауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2025 жылы бөлінген қаражат шегінде қарастырылады.

      Өтінімдер ауыл шаруашылығы жобалары және қайта өңдеу бағыты бойынша қабылданады.

      Сонымен қатар Ережемен бекітілген лимиттің орындалуына байланысты мал шаруашылығы бағытына өтінім қабылданбайтынын хабарлаймыз.

      Өтінімдер amanatnesie.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданады.

      Құжаттардың тізімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы «Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» № 53 бұйрығымен бекітілген.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайда біле аласыз:

Талдықорған қ., Абылай хан көшесі, 113,

1 қабат, «Жетісу» ӘКК»ӨДИ» АҚ ғимараты.

Байланыс телефоны 8(7282) 329414 (ішкі нөмер 231)