Елордадағы жәрмеңке: Жетісудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 155 тоннадан астам өнім әкелді

Елордадағы жәрмеңке: Жетісудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 155 тоннадан астам өнім әкелді

Өткен демалыс күндері елордада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне жетісулық өндірушілер жалпы көлемі шамамен 155 тоннаны құрайтын 54 түрлі өнім әкелді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жәрмеңкеге екі қаладан – Талдықорған мен Текеліден және Алакөл, Ақсу, Сарқан, Панфилов, Кербұлақ, Қаратал, Көксу, Ескелді ауданынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Астанаға жеңілдетілген бағамен барлығы 154,8 тонна азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде ет, балық, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бал және басқа да өнім көп. Ақсу және Көксу аудандары елорда тұрғындарын өз зауыттарында өндірілген сапалы қантпен қуанса, Ескелді аудандары алма, жеміс-жидек, Кербұлақ ауданы картоп пен бал тарту етті. Етке сұраныс жоғары болды.

Астана тұрғыны Айнұр Садықова: «Мен картоп пен алма сатып алдым. Айырмашылығын, балғындығын және табиғилығын бірден сезе аласыз. Бұл отбасына қажет» деген ойымен бөлісті.

Ал бағаларға қатысты зейнеткер Нұрлан Ахметов: «Дүкендерде ет қымбат. Бірақ мұнда біршама арзанырақ. Қаратал ауданынан сиыр етін сатып алып, сапасына риза болдым», – дейді ол.

Жас ана Әлия Кеңес көкөністердің үлкен таңдауын атап өтті: «Мен Көксу ауданынан сәбіз мен қырыққабат сатып алдым. Барлығы таза әрі балғын. Күні кеше ғана ғана терілгені анық. Жәрмеңке ұйымдастырушыларға көп рахмет».

Ұйымдастырушылардың бағалауы бойынша екі күнде шамамен 128,8 млн. теңгенің өнімі сатылған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Фотосуреттер облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған