«Қанаттылар» инклюзивті театры Талдықорған қаласына гастрольдік сапармен келеді!

«Қанаттылар» инклюзивті театры Талдықорған қаласына гастрольдік сапармен келеді!

Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театры 2025 жылдың 14 мамыр күні сағат: 19:00 де «Екі тағдыр – бір өмір» автобиографиялық драмасы, 15 мамыр күні, сағат: 11:00 де «Үй таңдаған лақ» ертегісі, кешкі сағат: 19:00 де «Өмір-ғайып» мелодрамасымен . 14 мамыр сағат 14.30-да БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Театр, өнер сүйер қауымға Серік Жүзбайдың «Өмір-ғайып» мелодрамасын, Ермаханова Ақботаның «Екі тағдыр – бір өмір» автобиографиялық драмасын, Әлібек Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» ертегісін ұсынады.

Бұл қойылымдарда кез-келген адам өмірінде орын алатын оқиғалар көрініс табады. Өмірдің мәні, адам тағдыры мен таңдау еркіндігі туралы ой салады. Инклюзивті театр сахнасындағы ерекше жандардың өнері шынайылық пен рухтың биіктігін паш етеді. Қойылымға келген әрбір көрермен қойылымдардан шынайы эмоция алып, көтеріңкі көңіл күймен қайтары сөзсіз.

Театрдың мақсаты – мемлекетіміздегі физиологиялық ерекшеліктері бар жандардың талантын ашу, сахна кеңістігінде олардың шығармашылық әлеуетін арттыру, қоғам ұзақ уақыт  байқамаған мүмкіндіктерін жүзеге асыруларына түрткі болу. Қазақстанның түкпір-түкпірде жиналған ерекше жандардың театр шаңырағында басын қосып тұрақты жұмыспен қамтып, өмір мен өнерге деген құштарлығын арттыру.

Театрдың гастрольдік сапар шегудегі бас мұраты ерекше қажеттілігі бар жандардың өмірде де, өнерде де орны ерекше екенін көрерменге жеткізу және дәріптеу. Инклюзивті қоғам құрып, мүмкіндігі шектеулі жандардың еңсесін көтеріп, өзге де қалаларда ерекше жандарға арналған өнер ордаларының ашылуына себепкер болу.

Орталық Азияда аналогы жоқ «Қанаттылар» инклюзивті театры Талдықорған тұрғындары мен қонақтарын ерекше әрі әсерлі қойылымдарымен қуантуға асығады!

Қойылым Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театры сахнасында өтеді.

Сіздерді театр ұжымының қойылымдарын тамашалауға шақырамыз!