«Ұлы Жеңістің үнсіз куәгерлері» – тарихпен тілдескен сәт атты көрмесі!

«Ұлы Жеңістің үнсіз куәгерлері» – тарихпен тілдескен сәт атты көрмесі!

Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше көрме – Жетісу жұртшылығын бейжай қалдырмады.

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейі Орталық алаңда көпшілікті терең тебіреніске бөлеген жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрмеде облыстық полиция департаменті, Талдықорған әскери-техникалық мектебі және музей қорынан алынған, қан майданның жансыз куәгерлеріне айналған жауынгерлік жәдігерлер қойылды. Олар – оқ пен оттың ортасында жүріп, елі үшін жанын қиған ерлердің үнсіз, бірақ әсерлі сыршылары. 2000-нан астам адам бұл көрмені тамашалап, тарихпен сырласып, толқыған сәттерін жасырмады.