
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлер туралы «Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрмесі өтті.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорынан алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кәри Абитов, Тәңірберген Қалилаханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың құжаттары, майданда жазған хаттары қойылды.
Іс-шараға ҰОС ардагерлері Әнуарбек Сүйіндіков пен Тәңірберген Қалилаханов ұл-қыздары, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Толығырақ ақпарат https://www.ulttykarhiv.kz/15003/https://www.ulttykarhiv.kz/15003/ көзінде