Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты тарихи сағат өтті.
Шара 1 минут үнсіздікпен басталып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар еске алынды. Іс-шараны кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жүргізіп, соғыс жылдарындағы қаһармандық пен отансүйгіштік жайында мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Шара барысында қазақстандық ержүрек батырлар – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмір жолы мен ерлігі туралы мәліметтер беріліп, олардың қаһармандығы ерекше құрметпен еске алынды.
Оқырмандар назарына соғыс тақырыбындағы әдебиеттерден құралған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде мазмұнды әдебиеттер көпшіліктің қызығушылығын тудырды.