Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат өтті.
Шара барысында «Ерлік пен абыройдың символы – Отан қорғаушылар» атты қысқаша бейнеролик көрсетіліп, «Қарулы күш – ел тірегі» атты кітап көрмесімен кітапханшы Тұрсынханова Ажар библиографияық шолу жүргізді.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күн еліміздің Қарулы Күштерінің құрылған күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін күзетіп жүрген сарбаздар мен әскери қызметкерлерге, сондай-ақ әрбір ер азаматқа арналған құрмет күні.
Шарада Талдықорған қаласының №13 орта-мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Уалиева Назгүл Замзабекқызы баяндама оқыса, осы мектептің оқушылары патриоттық өлеңдерін оқыды және №17 орта-мектептің кітапханашысы Назгүл Советжанқызы өзінің ізгі тілегін арнады.