5 мамыр – Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күніне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Шектеулі мүмкіндік — шектеусіз ақпарат» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан 5 мамыр – Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні туралы кеңінен мағлұмат беріп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Ол қатысушыларды бөлімде көрсетілетін қызмет түрлерімен, зағип және нашар көретін жандарға арналған ақпараттық ресурстармен таныстырды.
Айта кетейік, жыл сайын 5 мамырда әлемдік қауымдастық Мүгедектердің құқықтары үшін күрестің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл күн алғаш рет 1992 жылы Еуропаның 17 елінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың физикалық, психикалық немесе сенсорлық шектеулері бар адамдарды кемсітуге қарсы, олардың тең құқықтарын қорғау мақсатында қоғамдық шаралар өткізу арқылы бастау алған.