Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі – Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық әдебиетінің майталманы» атты тарихи сағат өткізілді.
Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Скабайқызы қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сәбит Мұқанов – тек жазушы ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері. Оның шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихи оқиғалар мен заман тынысы кеңінен көрініс табады.
Іс-шара барысында жазушының еңбектері, атап айтқанда «Ботагөз», «Сұлушаш», «Аққан жұлдыз» романдары мен өмірбаяндық жазбалары жөнінде мағлұматтар беріліп, қатысушылар оның шығармаларынан үзінділер тыңдады.