
«Жетісу облысының мемлекеттік архивінің» мамандары «Е-архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу жөнінде өндірістік оқу өткізді. Оқуға мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарға және ведомствалық архивке жауапты мамандары қатысты. Оқу барысында «Е-Архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу туралы слайд көрсетілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өндірістік оқу барысында қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.