
Талдықорған қаласы Д.Рақышев атындағы облыстық филармониясында қазақ әдебиеті мен музыка өнеріне үлес қосқан ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
Кешкі сағат 17:00-де байқау жеңімпаздарының қорытынды Гала-концерті және марапаттау рәсімі атқарылды.
Байқауға республикамыздың облыстырынан және Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған қалаларынан өнерпаздар қатысты.
Байқаудың мақсаты: ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының шығармашылық мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі ән жанрындағы жаңа орындаушылармен таныстыру, шығармашылық байланыстар орнату және орындаушылар арасында тәжірибе алмасу. Әншілердің шығармашылық мүмкіндіктерін нығайту және дамыту, қолдауға жағдай жасау, орындаушылардың кәсіби деңгейін және шеберлігін арттыру.
Байқауға қатысушылардың өнерлерін төмендегі қазылар алқасы саралады:
Әміре Әрін - ақын, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, алқа төрағасы
Ермұрат Үсенов - Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ұстазы, композитор
Алпысбаев Әли Демегенұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, профессор, композитор, дирижер
Ардақ Балажанова – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, ұстаз
Нұржан Жанпейісов – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, ұстаз, дәстүрлі әнші.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды.