«Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбындағы жылжымалы көрме ұйымдастырылды

«Ұлы халықтың Ұлы Абайы»  тақырыбындағы жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл орай, М.Тынышбайұлы атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбындағы жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме экспозициясына Абай Құнанбайұлының өзі қолданған жеке заттары: тұмарша домбырасы, тұңғыш жинағы және отбасылық заттар, құнды құжаттар мен ақынның өмірінен сыр шертетін тарихи материалдар қойылды.

Шараға зиялы қауым өкілдер, мәдениет қызметкерлері, қала тұрғындары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.