
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 10-11 сәуір күндері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтың «Беу, қыздар-ай!» музыкалық комедиясының Премьерасын көруге шақырамыз!
Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған қойылым көптің көңілінен шығары сөзсіз!
Қойылымның қоюшы режиссері – Ержан Қауланов, қоюшы-суретші – Дінназ Қыдырқожа, Костюм суретшісі – Аяжан Тоқай, Композитор – Арнай Азанбай.
«Беу, қыздар-ай» – қазақ музыкалық комедиясының алтын қорынан орын алған жауһар туынды. Бұл шығарма шынайы сезім, әзіл-қалжың мен әсем әуендер арқылы көрерменді еңбек адамының әлеміне жетелейді.
Жастардың арман-қиялы, махаббат хикаяларымен көркем өрілген қойылым, еңбек пен өнердің үйлесімін паш етеді. Өміршең туынды биыл қайта жаңғырып, көрерменге жаңа қырынан ұсынылмақ.
Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар