Халықаралық театр күніне арналған салтанатты кеш өтті

Халықаралық театр күніне арналған салтанатты кеш өтті

Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында Халықаралық театр күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырылды. Театр өнерін дәріптейтін айтулы шараға Жетісу облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол кеш барысында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Құттықтау хатын оқып, ТҮРКСОЙ ұйымының Алғыс хаттарын табыстады. 

Сондай-ақ, театр әртістері Жетісу облыстық мәслихаты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, Жетісу облысы Полиция департаменті және «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалы атынан марапаттарға ие болды. 

Шараға Қазақстан Театр қайраткерлер одағы мен Қазақстан Театрлар ассоциациясының өкілдері де қатысып, үздік өнер иелерін арнайы марапаттады. Сонымен қатар, Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша кәсіптік одағының төрайымы Сәуле Ахмадиева да құрметті қонақтардың қатарынан табылды. Одақтан  Махмутжан Беделбаев «Еңбек Даңқы» орденмен марапатталды.

Кеш барысында театр әртістері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше  әсер сыйлады. Шара соңында Жетісу облысы әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.