Бүгін, қазан айының 11 күні Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейінде ақын, жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай “Бердібек Соқпақбаевтың мұрасы” атты мәдени шара өтті. Қаламгердің қарындасы мен немере қарындасы, ҚР-ның мәдениет қайраткерлері кешіміздің қадірлі қонағы болды.