Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі Абай күніне орай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқауын ұйымдастырды.
Байқауға Талдықорған қаласының 7-10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, нақыл сөздерінің мән-мағынасын, айтар ойын түсіндіріп берді.