Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара жалғасын табуда. Бүгін аталған шараға Қ. Қасымов атындағы № 28 IT-лицейі және № 4 орта мектептің 5 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында кітапханашы Қанабек Әлия «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатып, мультиландия алаңында кинофильм көрсетілді. Жас оқырмандарымызды қонаққа шақырамыз. Кітапханада сіздерді қызықты викториналар, ойындар күтіп тұр, сондай-ақ қызықты және танымдық фильмдерді көруге болады.