"Кездесу мен қоштасу" психологиялық драмасын тамашалауға шақырамыз

"Кездесу мен қоштасу" психологиялық драмасын тамашалауға шақырамыз

Бикен  Римова атындағы Талдықорған драма театрында 7 маусым күні Александр  Володиннің  «Қоштасқым  келмейді» пьесасының желісімен «Кездесу мен қоштасу» қойылымы сахналанады. Қойылымның қоюшы-режиссері  –  Алмат Шарипов. Қоюшы суретшісі  – Жанат Дүйсенбаев және костюм суретшісі – Қарлығыш Шалабаева.

Отбасы құндылығы тақырыбын арқау еткен қойылым  кездесу  мен  қоштасу, ғашықтық пен қызғаныш,  шайқалған  шаңырақ  пен бағаланбаған  бақыт  туралы сыр шертеді.

Бір қойылымнан бірнеше отбасының тағдырын көруге болады. Әрқайсысы өз өміріне өкпелі. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын тағдырлар. Айырылысу салдары да әртүрлі.

Қойылымның астарында қазақта айтылып жүрген «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мән-мағына жатыр. Тағдыр қандай қиын болса да, ерлі-зайыптылар  бәріне төзіп, болмашы дүниелерге ажырас­пай, отбасы мен бала-шағасының болашағын ұмытпауы керек деген түйін түйіледі. Спектакль әрбір адамды қоштасу алдында жүректің үнін тыңдауға үйретеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!