"Қара шекпен" қойылымын тамашалауға шақырамыз

"Қара шекпен" қойылымын тамашалауға шақырамыз

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, Сіздерді  Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына 31 мамыр  күні өтетін Г.Хугаевтың шығармасының желісінде сахналатын «Қара шекпен» қойылымын тамашалауға шақырамыз!

Қоюшы-режиссер –  Ерлан Кәрібаев, қоюшы-суретші –  Гүлдана Жұрқабаева, жарық қоюшы –  Гауһар-Адай, балетмейстер – Гүлсая Тәуірханова.

Г.Хугаевтің «Қара шекпен» шығармасы қоғамның қай кезде де жанына бататын мәселелерді қозғайтын туынды. Қойылымда  адам баласының опасыздығы,  құндылықтарға  деген көзқарастың тез құбылуы жануарлар әлемі  арқылы көрсетіледі. Жақсы мен жаман, адал мен арам, шындықпен жалған арпалысқан дүниеге иттің көзімен, жылу іздеген жанталасымен баға беріледі.

Бұл қойылым адамдық пен надандықтың арасы бір қадам екенін айқындап береді және оның астарында терең мағына жатқанына көз жеткізеді. Бір иттің тағдыры тұтас адамзаттың болмысын сипаттайды. Сонымен қатар, жануардың адамға деген адалдығы мен махаббатын көрсетеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!