Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, Сіздерді 25 сәуір күні Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында М.Әуезовтің шығармасының желісі бойынша сахналанатын «Қорғансыздың күні» спектакліне шақырамыз! Қойылымның режиссері – Фархат Молдағали. Қоюшы-суретші – ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Қарлығаш Шалабаева. Педагог-консультант – Ерлан Кәрібаев, және Хореограф – Шырын Мустафина.
Қыз тағдырына – ұлт тағдыры деп қараған қазақ қашан да қыздарын жамандықтан қорғаған. Алайда бүгінгі күні зорлық-зомбылық күрт көбейіп, елдің күйреуіне алып келетін жағдайға жетті. Қыздың тағдыры әрқашан сыналған. Қатігез қоғамның казіргі ең ауыр қасіреті де осы.
«Қорғансыздың күні» көрермен алдында байырғы қазақ ауылындағы кедейлердің өмірінен үзінді ретінде, кедей, қорғансыз адамдардың өміріндегі жантүршігерлік азап пен ауырлықты терең ашып көрсетеді. Қойылым барысында адамгершілік пен қатыгездік, жанашырлық пен мейірімділік, қорқыныш секілді тақырыптар қозғалады.
«Қорғансыздың күні» қойылымы – көрерменге қазіргі заманының шынайы көрінісін, ащы шындығын, тұтас бір қорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсетеді.
Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!