
Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап “Компьютерлік сауаттылық” үйірмесі ашылды.
Ұсынылып отырған бұл үйірмеде негізгі компьютердің басты құралдарымен олардың қызметіне, жеңіл қолданбалы программалармен және мәтіндік бағдарламалармен жұмыс жасауға баса назар аударылады.
Үйірме оқырмандарды ақпараттық қоғамда өмір сүруге , дербес белсенділіктерін дамытуға жол ашады, белгілі бір білік пен дағды қалыптастыруға көмектеседі.
Үйірмеге қатысқан оқырмандар компьютер пернесімен жұмыс еркін істеуді, қолданбалы программалармен жұмыс істеуді, атап айтқанда, Microsoft Word мәтіндік редактор, мәтінді пішімде, кестемен жұмыс, Microsoft PowerPoint бағдарламасы, слайдты безендіру, анимация қосу, MS Excel - сандық кестелермен жұмыс және интернет қолдану (почта, ақпарат, видео іздеу, көшіру) сияқты әдіс – тәсілдерін үйренеді. Үйірме аптаның әр жұмасында сағат 16.00 ден 17.00 аралығында өтеді.
23 ақпан күні бағдарламашы Жүнісбекова Анель жоспарға сәйкес Microsoft Word мәтіндік редактор бағдарламасын пайдалана отырып, сабақ өткізді.
Сабаққа қаламыздың №27 мектеп оқушысы Нұрахмет Арайлым қатысып, "Microsoft Word" программасы арқылы мәтіндік редакторды пайдалануды, редакциялауды және мәтін теруді үйреніп бастады.
Құрметті қала тұрғындары және қонақтары компьютермен еркін жұмыс істеуді үйренгіңіз келсе “Компьютерлік сауаттылық” үйірмесіне шақырамыз.