КӨҢІЛ АЙТУ

КӨҢІЛ АЙТУ

Мәдениет саласында көп жылдар қызмет еткен, Қазақстан Республикасының "Мәдениет саласының үздігі"  әріптесіміз Қаблисанов  Манарбек Қаманұлы 61 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы  марқұмның отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Қаблисанов Манарбек Қаманұлы келісті келбетімен шынайылығы барша әріптестерінің жадында қала бермек.

Қаблисанов  Манарбек Қаманұлы 1962 жылы 20 қарашада Талдықорған облысы, Киров ауданы,  Мұқыры ауылында дүниеге келген.

2008-2010 жылдары аралығында  Алматы облыстық «Халық шығармашылығы орталығы» МККК Автокөлік және техника бөлімінің басшысы. 2010-2018 жылдары Көксу ауданы, Мұкыры ауылдық Мәдениет  үйінің директоры,  Бесқайнар ауылдық клубында және Амангелді ауылындағы З.Тамшыбаева атындағы Мадениет үйінің музыка жетекшісі кызметтерін атқарған.