Хабарландыру!

Хабарландыру!

Хабарландыру !

Құрметті өнім берушілер !

«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Жетісу облысы бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орындауға бағытталған қызметтерді көрсету туралы 04.01.2024 жылғы, №1 жария офертасында көзделген талаптар бойынша қызметтерді көрсетуді ұсыныс етеді.

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орындауға бағытталған  қызметтерді  көрсету туралы

                                                    ЖАРИЯ ОФЕРТАСЫ №______

Жетісу облысы,

Талдықорган қаласы                                                                 «_____»_______2024 жылғы

Бұдан әpi «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ереже негізінде әрекет ететін басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы БСН 220740006792,   

«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Жетісу облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орындауға бағытталған қызметтерді көрсету туралы Жария офертасында (әрі мәтін бойынша -Шарт) көзделген талаптар бойынша қызметтерді көрсетуді ұсыныс етеді.

Осы ұсыныс бойынша жария офертаның шарттарын толық және қарсылықсыз қабылдау (акцепт) болып мемлекеттік шығармашылық  тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш беру есептеледі.( Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 396 баптарына сәйкес).

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ:
  • Өнім беруші Қазақстан Республикасы, Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен бекітілген, Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс icтеy қағидаларын бекіту туралы (бұдан әpi- Шығармашылық тапсырысты орналастыру кағидалары), Қазақстан Республикасы, Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген, Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы (бұдан әpi- Шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру), Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің №265 бұйрығында қарастырылған шарттар мен талаптарға сәйкес Мемлекеттік шығармашылық үйірмедегі тапсырыс бойынша қызмет (тер) (бұдан әpi- Қызмет) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті(терді) қабылдауға және Шарт бойынша Өнім берушіге өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында көрсетілген  төлем жасауға міндеттенеді;

Код 005, «Мәдени демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасы, Код 049, кіші бағдарлама: Республикалық бюджеттен мәдениет пен спортқа туризмге және ақпараттық кеңістікке субвенция есебінен. Код 311,  жеке және заңды тұлғаларға субсидия ерекшелігі бойынша, ерекшелегі бойынша сомасы: оның ішінде қосылған сомаға салынатын салығы:

1.2.  Тапсырыс беруші қызмет көрсетудің жаңа шарттарын еңгізуге және Өнім берушіге шарттың жаңа формасын бекутіді ұсыныс етуге құқылы;

1.3. Жасалған Шарттан Тапсырыс беруші өнім берушідің қызметінен бас тартпаған жағдайда Шарт қайтадан жасалып бекітілді деп есептеледі;

1.4. Егерде тараптар жағынан  30 (отыз) күнтізбе ішінде шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама түспеген шағадайға, келісім-шарт ағымдағы келесі жылға автоматты түрде ұзартылды деп есептеледі;

  1. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ

 

2.1. Қызметтер Өнім берушімен Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру кағидаларының 3-тарауына сәйкес Өнім берушімен ақпараттық жүйеде көрсетілген шығармашылық үйірмелерінің түрлері бойынша көрсетіледі.

  1. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Өнім беруші мыналарға:

3.1.1. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру кағидаларына, және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларына және осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызметтер көрсетуге;

3.1.2. Сабақтарды өткізу үшін қажетті мүкәммал, материал, кұрал-жабдықтар, оқу құралдары, әдістемелік әдебиеттердің болуына;

  • Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

3.1.4.Тәрбиеленушілер мен қызметкерлерінің келуіне қayiпciз жағдайлар жасауға;

3.1.5.  Тәрбиеленушілер мен олардың заңды өкілдерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге;

3.1.6. Сабақ өткізуге арналған үй-жайды, кемінде 30 күнтізбелік күнге бейне мұрағатын сақтап қалу мүмкіндігімен, дұрыс жұмыс істейтін бейне бақылау камераларымен қамтамасыз етуге;

3.1.7 Біліктілік ipiктеуінен өтпеген және (немесе) Өнім берушімен мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысуға өтініш беру кезінде олар туралы ақпарат үсынылмаған және (немесе) олар туралы ақпарат ақпараттық жүйеде жоқ болса, ондай тұлғаларды балалармен сабаққа жібермеуге;

3.1.8. Соттылығы бар, психологиялық-; наркологиялық және туберкулез бойынша есепке алынған, сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мамандандырылған оқытудан өтпеген тұлғаларды балалармен сабаққа жібермеуге;

3.1.9 Балалармен сабақ өткізу үшін тартылатын әрбір қызметкерлердің Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру қағидаларындағы 5 тармағына сәйкестігін тексеру жүргізуді;

3.1.10 Денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағлау органдарының әдістемелік ұсыныстарын, нұсқаулары мен хаттарын орындауға;

3.1.11 Мемлекеттік құқық қорғау және бақылаушы органдардың нұсқамаларын (өзге де актілер), аталған нұсқамаларды (өзге де актілер) көрсетілген мерзімде орындауға;

3.1.12.Ваучердің қолданылу мерзімі ішінде баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға заңды өкілімен келісім-шарт жасасуға;

3.1.13.Ақпараттық жүйеде Өнім берушімен мәлімделген шығармашылық үйірмелерге әp6ip түpi бойынша күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын жасауға, және оны әр баланың заңды өкілін таныстыруға;

3.1.14.Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру кағидаларыньң 29- тармағына сәйкес әрбіp балаға портфолио жургізуге;

3.1.15.Әрбір шығармашылық үйірмелердің түpi бойынша әр баланың катысуының есебін жүргізуге (табелі);

3.1.16.Еcептi кезеңнен кейінгі айдың 5-кунінен кешіктірмей, ай сайын Тапсырыс берушіге мемлекеттік тапсырыстьң атқарылуы туралы электрондық есеп жіберуге;

3.1.17.Шығармашылық үйірмелерде орындардың босау фактісі бойынша операторға бос орындар туралы мәліметті уақтылы беруге;

3.1.18. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларында көзделген мерзімде Тапсырыс берушіге осы Шарттың 5.1.-тармағында көзделген құжаттармен ecептi жіберуге, және веб-порталға көрсетлген қызмет aктісінорналастыруға, сондай-ақ, Тапсырыс берушімен берілген ескертулерді пысықтауға;

3.1.19.Тапсырыс берушіге оның сұратуы бойынша қызмет көрсету барысы туралы ақпарат беруге міндеттенеді;

3.1.20.Сабақтар өткізуге  арналған үй-жайлар  Шығармашылық тапсырысты орналастыру кағидаларының  18,19,20,21 тармақтары талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

  • Тапсырыс беруші мыналарға:

3.2.1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының  5- тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

3.2.2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының  8- тармағының талаптарына баланың дәлелді себептер бойынша қатыспау  сәйкестігін тексереді;

3.2.3. Электрондық қатысу табелінде көрсетілген мүмкіндіктері шектулі немесе ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың мәртебесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкестігін тексереді;

3.2.4. Ұсынылған электрондық есеп балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өнім берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде ай сайын жүргізіледі.

3.2.5. Ұсынылған электрондық есептің балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тапсырыс беруші оны қарастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнім берушіге пысықтауға жібереді.

3.2.6.  Электрондық есепті мақұлдағанан кейін  электрондық шот фактура мен көрсетілген қызметтер актісін қабылдайды, олар цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық төлем шотын қалыптастыру үшін негіз болып табылады;

3.2.7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының 10,11,12 тармағына сәйкес төлемдерді жөнелтеді;

3.2.8. Мемлекеттік тапсырыс рәсімдерін орындау барысында жинақталатын мәліметтерді ақпараттық жүйенің серверлерінде және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы периметрінің ішінде нақты орналасқан ақпарат жеткізгіштерге сақтауды жүзеге асырады.

  1. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ:

4.1.Eсепті кезеңде Өнім берушімен балаларға көрсетілген қызметтердің кұнының eceбi, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік шығармашылық үйірмедегі тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әpi- Әдістеме) және Жан басына шаққандағы қаржыландыру кағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4.2.Ереже талаптарына сәйкес төлем сабақтарға қатысқан немесе оларды дәлелді себептермен өткізіп алған балаларға нақты көрсетілген қызметтер ушін жүргізіледі.

4.3.Көрсетілген қызметтерге төлем Тапсырыс берушімен цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде орналастырылған төлеуге арналған шот негізінде Өнім берушінің есеп шотына қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

  1. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ:

5.1. Өнім беруші, Мемлекеттік шығармашылық үйірмелердегі тапсырыстың орындалуы туралы электрондық ecептi (бұдан әpi- электрондық есеп), есепті кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ай сайын Тапсырыс берушіге жібереді;

Электрондык есеп, Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларында көзделген барлық балалар топтарына бару электрондық табельдерiмен әр балаға дәлелді себептер бойынша өткізіп алғандығын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қамтиды;

5.2. Өнім берушімен электрондық eceбін ұсынылғаннан кейін Тапсырыс беруші 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларына сәйкес ic-шараларды жүзеге асырады;

5.3. Ұсынылған электрондық есеп Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларының 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сай келген жағдайда, Өнім берушіге көрсетілген қызметтер үшін төлем Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларының 10-тармағының 1 ) -тармақшасында көрсетілген мерзімде жүргізіледі;

Ұсынылған электрондық есеп Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларының 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайда, Тапсырыс беруші келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Өнім берушіге электрондық eceпті пысықтауға қайтарады;

Тапсырыс берушіден электрондық eceпті пысықтау туралы хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде Өнім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және электрондық eceпті тапсырыс берушіге қайта жолдайды.

Құжаттарды уақытылы ұсынған, бірақ тапсырыс беруші пысықтауға қайтарған өнім берушілерге сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде төлем жүргізіледі;

5.4. Өнім беруші өткен есептік кезеңдер үшін Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидалардың 8-тармағының1) тармақшасында көзделген дәлелді себептер бойынша ағымбағы есептік кезеңге қатысты 3 (үш) айдан кешіктірмей баланың қатыспауы туралы растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тапсырыс беруші қайта есептеуді және төлем сомасын қосымша есептеуді жүргізеді;

5.5. Желтоқсан айында Өнім бepушімен Тапсырыс берушінің өзара есеп айырысулары Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларының 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

5.6. Өнім берушімен электрондық шот-фактура мен көрсетілген қызмет актісі ұсынылғаннан кейін қызмет көрсетілді деп есептеледі.

  1. ЖАРИЯ ОФЕРТАНЫҢ ҚОЛДАНУ MEP3ІMI ЖӘНЕ ШАРТТЫ Ө3ГЕРТУ:

6.1. Жария Офертаның бұл редакциясы Интернет желісінде «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі ресми сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім берушімен кepi қайтарып алу сәтіне дейін әрекет етеді;

6.2.Мемлекеттік шығармашылық үйірмелердегі  тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілер тізіміне енгізілген өнім беруші, Тапсырыс берушіге Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру кағидасының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жіберу аркылы өз бастамасы бойынша тізімнен алынып тасталады.

7.ШАРТ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ Ө3ГЕРТУ:

7.1. Шарт, Өнім бepушi қабылданған сәттен бастап (оферта акцепті) күшіне енеді және оны бұзған немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатқан сәтке дейін әрекет етеді.

8.ШАРТТЫ БҰЗУ:

8.1. Осы шарттың 3.1.7. және 3.1.8.-тармақтары бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Өнім берушімен  Шартты бұзуға құқылы;

  • Тапсырыс беруші осы Шартты бipжақты тәртіпте бұзуға келесі жағдайларда құқылы:

8.2.1.Өнім берушімен сабақ өткізуге арналған үй-жайға қойылатын талаптар сақтамаған жағдайда кез келген уақытта;

8.2.2 Өнім берушімен осы Шарттың 2.1. және 3.1.-тармақтарының талаптарын біpнеше мәрте бұзылған жағдайда, сабақ өткізуге арналған үй-жайға қойылатын талаптар сақталмаған жағдайды қоспағанда, сондай-ақ, осы Шарттьң 3.1.7. және 3.1.8.-тармақтары, Өнім берушіге алдын ала тиісті хабарлама жіберіп шартты бұзады;

Бұл ретте, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша нақты көрсетілген қызметтерге төлем жасайды.

8.3.Тапсырыс берушінің кінәсінен болған жағдайдан басқа кезде, шартты бұзудан келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық өтеген жағдайда ғана, Өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартуға құқылы.

9.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

9.1.Өнім бepyші тіркелуі және мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш беру кезінде электрондық порталдағы ақпараттық жүйеде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасыньң заңнамасында көзделген толық жауапкершілікте болады;

9.2.Осы Шарттың 3.1.7. және 3.1.8.-тармақтарын қоспағанда, Өнім беруші осы Шарттың 2.1. және 3.1.-тармақтарын бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші тиісті хабарламаны Өнім берушіге жібере отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте, Тапсырыс беруші мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша нақты көрсетілген қызметтер үшін Өнім берушіге төлем жасайды;

9.3. Нәтижесінде шығармашылық үйірмелерге  балалардың бара алмаған себебі: өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтауына әкеп соғатын мемлекет тарапынан шектеу шаралары белгіленген жағдайда, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар себептері бойынша, Өнім беруші жауапкершіліктен босатылады.

10.КҰПИЯЛЫЛЫҚ

 10.1. Тараптар осы Шартты орындау барысында алынған ақпараттың катаң құпиялығын сақтауға және алынған ақпараттың жариялануынан сақтау үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндеттенеді;

10.2. Осы Шектеулер егерде тараптардың кінәсі жоқ яғни қолжетімді ақпаратқа немесе ақпараттың қолжетімді болуында байланысты туындаса жауапкершілікке тартылмайды;

10.3. Қазақстан Республикасына заңнамасына сәйкес оны талап етуге құқығы бар субъектілерге ақпарат берілген жағдайда Тараптар жауапкершілікке тартылмайды.

  1. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ:

11.1. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мумкін даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі;

11.2. Тараптар келіссөздер жолымен дауларды шешу мумкін болмаған жағдайда, заңнамамен қарастырылған дауларды сотқа дейін реттеу процедурасын іске асырғаннан кейін, оларды сот органдарының қарауына беріледі.

12.Ө3ГЕ ДЕ ШАРТТАР:

12.1. Осы Шартпен реттелмеген мәселелер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелуге жатады;

12.2. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілінде жасалды. Шарттың мәтінінде оқуға байланысты даулар туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін назарға алынсын.

13.ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

 

Тапсырыс беруші:

«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі

 Талдықорған,  Назарбаев көшесі № 75 үй

БСН 220740006792

ИИК KZ03070102KSN7001010

БИК KKMFKZ2A

Басшы                              Қ. Сүлейменов.

 

           ________________

        қолы

                                                   Б.О.

 

Өнім беруші: