Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 18 желтоқсаннан бастап Жетісулық кішкентай көрермендерге Назым Өтеулинованың «Ертегілер әлеміне саяхат» атты қойылымын ұсынып келеді. Театр артистері ертегіде бүлдіршіндердің сүйікті мульфильмдерінің Эльза, Анна, Мелман, Микеланжело, Мартин сынды кейіпкерлеріне еніп, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Аталмыш қойылым 29 желтоқсанға дейін көрермендердің назарына ұсынылмақ. Билеттерді театр кассасынан ала аласыздар.
Театрда жүздескенше!