С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атты оқиғасына  300 жыл толуына орай тарихи сағат өтті

С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атты оқиғасына  300 жыл толуына орай тарихи сағат өтті

2023 жылдың 19 қыркүйек  күні  Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атты оқиғасына  300 жыл толуына орай тарихи сағат өтті.

Шара барысында Жоңғар шапқыншылығының қазақ халқына  тигізген зардаптары жайында таныстырылып,  Халық әні "Елім - ай" атты бейнесюжет  көрсетілді. «Қазақтың  дербестігі үшін күрес» атты кітап көрмесіне Г. Болатбекова библиографиялық шолу жасап, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Абдрахманова Асел өз баяндамасын ұсынды. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы  Өрен Ырысмуханбет  «Ақтабан шұбырынды» атты өлеңін оқыды.

Қазақ тарихында "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" оқиғасы туралы мол ақпарат беріліп, келген оқырмандармен қонақтар  өздеріне қызықтырған оқиға жайлы кітаптарды тіркеліп оқуға алды.