2023 жылдың 15 қыркүйегінде Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Kitap Time - 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

2023 жылдың 15 қыркүйегінде Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Kitap Time - 2023» ІІ жалпы республикалық кітап  фестивалі өтеді

Айтулы шараның мақсаты- кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның  интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын кітап оқуға тарту, көркем  әдебиетке  деген құштарлығын, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік білімін арттыру.

Шара барысында 2023 жылғы мерейтой иелерінің кітаптарына арналған «Кітап-дефиле»  ұйымдастырылып,жас ақындар мен  оқырмандар арасында «Поэзия Тіме» атты кездесу өтеді.

Оқырмандарға  арналған «Сирек кітаптар және бабалар аманаты» атты ашық диолог,«Кітап – әлеміне саяхат» кітап көрмелері, кітап- жәрменкесі ұйымдастырылып, «Art-vision» қолөнер шеберлері мен  суретшілердің павилоны, «Kitapland Travel» викториналық ойындар, «Библио sport» алаңында тоғызқұмалақ және шахмат турнирі, робототехника инклюзивті ойындары ойнатылады.

 Кештің басты қонақтары ақын, журналист  Қуат Қайранбаев пен ақын Ерлан Жүніс.

Сондай-ақ аталмыш шарада, Жетісу облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Сүлейменов, ҚР Жазушылар одағының Жетісу облысының  филиалының төрағасы Ж.Немеребаев, Жазушы, «Janr»  әдеби клубының президенті Е.Айдабосын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Қажет Андас және жас ақындар,   қала колледжінің студенттері мен  мектеп оқушылары, сондай-ақ БАҚ қатысады.