3 сәуір Иманов Амангелді – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі,туғанына 150 жыл
«Амангелді Иманов-халық батыры» атты тарихи сағат
2023 жылдың 4 сәуір күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Иманов Амангелді-халық батыры,қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі,туғанына 150 жыл толуына байланысты «Амангелді Иманов-халық батыры» атты тарихи сағаты өтті.
Шараның мақсаты: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің 150 жылдығы туралы хабарлама жасай отырып, ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі Амангелді Имановтың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, оқырмандардың ойын, қабілеттерін жетілдіру.
Шараға қаламыздың Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің 10 сынып оқушылары және № 2 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мажиратхан Гүлдана өз баяндамасын оқып, сұрақтар қойылды. Кітапханашы Болатбекова Гаухар «Ерлік толы даламыз, батыр біздің бабамыз» атты кітап көрмесін таныстырып, «Халық батыры» атты бейнеақпарат көрсетілді.
Шара соңында оқырмандарымызға қызықты сұрақтар қойылып тамаша көңіл күй сыйлады.