Қоғам қайраткері, ағартушы Біләл Сүлеевтің туғанына 130 жылдығына орай«Алаш қайраткері-Сүлеев» атты тарихи сағаты
2023 жылдың 10 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қоғам қайраткері, ағартушы Біләл Сүлеевтің туғанына 130 жылдығына орай«Алаш қайраткері-Сүлеев» тарихи сағаты өтті. Шараның мақсаты: Б.Сүлеев жайлы толық мағлұмат ала отырып, өлеңді түсініп.Өлең мазмұнын әңгімелеп айту дағдыларын дамыту.Патриоттық сезімдерін оята отырып, өз туған жерін , елін сүюге, табиғатын қорғауға тәрбиелеу.
Шараға қала мектептерінің №25,№10 мектептің 10 сынып оқушылары қатысып, «Жетісу мемлекеттік университетінің» 3-курс студенттері Тұрсынхан Ажар мен Ермекқызы Салтанат Б.Сүлеевтің өлең жолдарын оқып берді.Көрермендерге «Аталмай жүрген бір арыс» атты бейнеақпарат ұсынылып, «Алаш қайраткері-Сүлеев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
№29 ОМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Кенжебеков Абылай Жармаганбетович
«Алаштың ардақтысы» атты баяндамасын оқып, кеңінен тоқталды. Шара соңында Туғанбаева Қарақат «Қазағым-ай» әнін орындап көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.