Ұйымдастырылған іс- шарада Құрманғазы бабамыздың өмірі туралы айтылып, әйгілі «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын», күйлерінің шығу тарихына тоқталды. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан "Сарыарқа" күйі күйшінің еліне, қазақтың кең даласына деген махабатынан туған туындының маңыздылығы жайлы кеңінен айтылды.
Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының "Сарыарқасы" бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей.
Ал баршаңызға жақсы таныс "Адай" күйінің шығу тарихы жайлы екі аңыз тараған. Құрманғазы Маңғыстау жерінде Ақмаңдай деген қызбен күй тартысқан екен. Сол тартыстың үстінде осы "Адай" күйі туған деседі. Екінші аңыз бойынша, Исатай-Махамбет көтерілісі кезінде адай елінің батырларына арналған деп жазылған.
Сонымен қатар кітапханашы «Құрманғазы-ұлы дала сазы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.
Қорыта келе бұл іс-шараның келешек ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне маңызы зор екенін айта отырып, оқырманымыз Утелов Ануарбек үлкен шабытпен, жүрек толғанысымен «Балбырауын» күйін орындады.