Талдықорғандықтардың назарына «Хақ жолы» әлеуметтік драмасы ұсынылды

Талдықорғандықтардың назарына «Хақ жолы» әлеуметтік драмасы ұсынылды

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында А.Ихсанның "Хақ жолы" әлеуметтік драмасын көрермен назарына ұсынылды. Қойылымға қала тұрғындары, оның ішінде Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қамтылды. Көрермендер оқиға желісінің өзектілігіне, актерлердің кәсіби деңгейіне тәнті болып, үлкен қызығушылықпен тамашалады.

Қойылымның басты тақырыбы әлем болып әлекке түсіп жатқан діни экстримизм, жақынына жат қылатын теріс ағым. Қарапайым отбасындағы қарама- қайшылық арқылы автор, бүгінгі таңдағы қоғамның асқынып тұрған ауыр мәселесін қозғайды. Дәстүрлі дінімізге үрке қарайтын кейбір дүмшелерді сынға алады. Қазіргі таңдағы ең қиын әлеуметтік мәселе спектакльдің басты өзегі. Діни жат ағымдар қазіргі жастардың санасына сіңіп кетпей тұрғанда театрға келіп, оның салдарын көзбен көруге шақырамыз.