Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың шығармашылығына арналған «Айтыстың Айтақыны» атты Халықаралық ақындар айтысы

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын  Айтақын Бұлғақовтың шығармашылығына арналған  «Айтыстың Айтақыны» атты Халықаралық ақындар  айтысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 23 желтоқсан күні Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың шығармашылығына арналған «Айтыстың Айтақыны» атты Халықаралық ақындар айтысы сағат 14.00-де Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы драма театрында өтті.

Жетісу облысының Бас ақыны, талай шәкірт тәрбиелеп өсірген ұлағатты ұстаз, есімі елге танымал суырып салма ақын, сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері – Айтақын Бұлғақовтың шығармашылыққа толы өнегелі өмір жолын үлгі ету. Халқымыздың суырып-салмалық айтыс өнерін, ауыз әдебиетін дамыту.                  Бас ақынның мерейлі мерекесінде өтіп жатқанын ескере отыра,  40 аса осы ақындық жолындағы еңбектерін, жетістіктерін паш етіп, тұрақты әлеуметтік жағдайын өлең жолдарымен өрнектеу. Ақындар айтысының көркемдік деңгейінің көтерілуіне тың серпін беріп, жаңа есімдерді анықтау, жұртшылыққа насихаттау. 

Айтысқа елімізге өнерімен танылған айтыскер ақындар мен Қырғызстан Республикасының танымал ақындары қатысты:

  1. Айнұр Тұрсынбаева – Астана қаласы
  2. Балғынбек Имашев– Астана қаласы
  3. Бекарыс Шайбек – Түркістан облысы
  4. Мақсат Ақанов – Қарағанды облысы
  5. Мұрадым Мирланов – Батыс Қазақстан облысы
  6. Кәрима Оралова – Шымкент қаласы
  7. Сырым Әуесхан – Ақтөбе қаласы
  8. Жалғас Мақсұтов – Алматы облысы
  9. Изат Айдаркулова – Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы
  10. Мамбеттокто Мамбеторозо – Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы 

Жыр додасына қазылық етушілер:

Құдайберлі Мырзабек

 

-

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, алқа төрағасы

Қошан Мұстафаұлы

 

-

«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халқықаралық Ж.Жабаев, Ә.Байжамбаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Қазақ радиосының редакторы

Сыздықов Әбілқайыр Әбілпаттаұлы

 

-

Қазақстан Республикасы  Мәдениет саласының үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын

Күмісай Сәрсенбаева

 

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын

Серік Қалиев

 

-

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі,   Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі