«DALA DAUYSY» республикалық конкурсының
қатысушыларына арналған ақпараттық хабарлама
Конкурс туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын ұйымдастырып отыр.
Номинациялар саны
Конкурста 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі.
Сыйлықтың толық тізімімен 1-қосымшада танысуыңызға болады.
Конкурсқа кімдер қатыса алады
Конкурсқа соңғы 3 жылда жазылған және Конкурсқа Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін (2022 жылғы 15 қазан) көпшілік алдында кеңінен орындалмаған авторлардың туындылары қатысады.
Авторлардың туындыларына осы Қағидаларда көрсетілген екіден артық емес номинацияларға қатысуға рұқсат етіледі. Әр номинацияда бір Қатысушы тек бір туындыны ұсынады.
Конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі
Келіп түскен Өтінімдер берілген күні Конкурстың ұйымдастыру комитетімен қабылданып тіркеледі.
Келіп түскен Өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді Ұйымдастыру комитеті 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде жүргізеді және тексеру нәтижелері бойынша Қатысушының электрондық мекенжайына және\немесе телефон нөміріне:
Конкурс талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігі туралы Ұйымдастыру комитетінің жіберілген хабарламалары негізінде пысықталған Өтінімдер 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Ұйымдастыру комитетіне электрондық және қағаз түрінде қайта ұсынылуы тиіс.
Ұйымдастыру комитеті келіп түскен Өтінімдерге 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қайта тексеру жүргізеді және Өтінімдер қайта сәйкес келмеген жағдайда Өтінімдерді одан әрі қараудан және қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірілген Өтінімдер жұмысқа қабылданады және Қатысушыға тиісті хабарлама жіберіледі.
Жеңімпаздар қалай таңдалады
Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы айқындайды.
Үміткерлерге құжаттарды қалай тапсыруға болады
Өтінімдер мен қосымша материалдар қағаз жеткізгіште Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1 мекенжайы бойынша № 229 кабинетте қабылданады. Жұмыс күндері сағат 9.00 - ден 18.00-ге дейін.
Қатысушылар үшін құжаттар мен материалдар тізбесі
Конкурсқа қатысуға арналған барлық материал № 1 Конвертте (ЕМS-пошта стандартына сәйкес) № 2 Қосымшаны қараңыз және № 1 Конвертке салынған № 2 А5 өлшемді Конвертте (№ 3 Қосымшаны қараңыз) жіберіледі:
1) № 1 Конвертке Конкурс талаптарына сәйкес қоса берілетін барлық материалдар салынады;
2) № 2 Конвертке № 2 Өтінім (№ 3 қосымшаны қараңыз), Қатысушы туралы шынайы деректер мен байланыс нөмірлер салынады. № 2 Конверт Конкурстың қорытындысы бойынша ашылады.
Конкурсқа қатысу үшін Қатысушылар 2022 жылғы 15 қазаннан
15 қарашаға дейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес нысан бойынша келесі материалдарды қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға шығармашылық бүркеншік атпен №1 Өтінімді (№2 қосымшаны қараңыз) жібереді:
«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:
№ 2 Өтінімді (№ 3 Қосымшаға қараңыз) келесі материалдарды қоса бере отырып жібереді:
Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Марапаттау рәсімі
Конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі және Гала-концерт 2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.
Конкурс бойынша қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады:
Ұйымдастыру комитеті - Ибраев Олжас Қанатұлы
+7 7172 270235, +7 702 842 17 80
«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша –
Айжан +7 775 826 75 20
«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша –
Хадиша +7 708 501 24 13
«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша
Айгерім +7 702 857 51 61
«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша
Риза +7 778 364 33 03
Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша
Әсем +7 771 372 27 31
1-қосымша
№ |
Номинациялар |
Саны |
«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы |
|
|
|
Авторлық вокалдық-аспаптық шығарма (ән); |
1 |
|
Авторлық вокалдық немесе вокалдық-аспаптық туынды (толғау, жыр, терме) |
1 |
|
Аспаптағы авторлық туынды (күй). |
1 |
«Үздік классикалық музыка» номинациясы |
|
|
|
Жеке аспапқа арналған туынды ( кіші форма – пьеса, поэма, вариациялар, әйгілі әуендерді жеке аспапқа өңдеу және басқалары) |
1 |
|
Ансамбльдерге арналған туынды ( екіден он екі аспапқа немесе дауысқа дейін ) |
1 |
|
Халық аспаптары, үрмелі, симфониялық және эстрадалық-симфониялық оркестрлерлеріне арналған туынды |
1 |
«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы |
|
|
|
Драмалық театрларға арналған тарихи немесе заманауи тақырыптағы пьеса; |
1 |
|
Балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған пьеса; |
1 |
«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы |
|
|
|
Опера (композиторға) |
1 |
|
Либретто (авторға) |
1 |
|
Балет (композиторға) |
1 |
|
Либретто (авторға) |
1 |
|
Мюзикл (композиторға) |
1 |
|
Либретто (авторға) |
1 |
Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы |
|
|
|
Патриоттық әндер (композитор) |
1 |
|
Мәтін авторына |
1 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы сыйлығы |
|
|
|
Арнайы сыйлық |
1 |
|
Арнайы сыйлық |
1 |
Қосымша 2.
Конверт № 1
нысан
«DALA DAUYSY»
Республикалық конкурсына қатысу үшін
№ 1 өтінім
Қатысушының шығармашылық бүркеншік аты |
|
Номинация(лар) атауы |
|
Конкурстық туынды(лар) атауы |
|
Конкурсқа ұсынылған материал |
|
партитура |
|
клавир |
|
либретто |
|
аудио жазбалар |
|
Қосымша 3.
Конверт № 2
нысан
«DALA DAUYSY»
Республикалық конкурсына қатысу үшін
№ 2 өтінім
Қатысушының толық аты-жөні |
|
Жеке тұлғаны растайтын құжат |
|
Қатысушының туған күні, айы, жылы |
|
Қатысушы туралы қосымша ақпарат (жұмыс орны, білімі) |
|
Номинация(лар) атауы |
|
Конкурстық туынды(лар) атауы |
|
Байланыс үшін: мекен-жайы, телефон, электронды пошта |
|