
«Қала хикаялары» проза жанрындағы республикалық әдеби байқауға өтінімдер қабылдау басталды. Байқау жаңа авторларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Қатысушыларға көркем әдебиет арқылы урбанистік мәдениет, қала кеңістігіндегі адам тағдыры, қоғамдық өзгерістер, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен заманауи құндылықтардың өзара байланысы тақырыптарын ашу ұсынылады.
Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық табақ (бір авторлық табақ 40 мың баспа белгісін құрайды) болатын қалалық проза тақырыбындағы романдар қарастырылады. Бір қатысушыдан тек бір ғана шығарма қабылданады.
Өтінімдер 2026 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін qoljazba.bookfund.kz сайтында қабылданады
Жүлделі орындарға ие болған жұмыстар Қазақстанның барлық кітапханаларына таратылады (15 мың дана таралыммен).
Қосымша ақпаратты мына нөмірлер арқылы алуға болады: 8 (7172) 74-04-07, 8 (7172) 74-03-84, 8 (7172) 74-04-08.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
https://www.gov.kz/memleket/entities/archive/press/news/details/1283444?lang=kk