Біз-есірткіге қарсымыз

Біз-есірткіге қарсымыз

Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне орай «» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында есірткінің адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушыларға есірткіге тәуелділіктің адам өміріне, отбасы мен қоғамға әкелетін ауыр зардаптары түсіндіріліп, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары айтылды.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану және пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы зиянды әрекеттерден сақтану қажеттігі жөнінде мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ есірткі және оның заңсыз айналымына қатысты заң талаптары туралы қысқаша түсіндірме беріліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға назар аударылды.

Ақпараттық сағаттың негізгі мақсаты – есірткінің зияны туралы түсінікті кеңейтіп, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында ақпарат беру болды.