ХХІV «Жетісу жұлдыздары - 2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

ХХІV «Жетісу жұлдыздары - 2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

2026 жылдың 24-29 сәуір күндері облысымыздың 8 ауданы мен 2 қаласында облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІV «Жетісу жұлдыздары-2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауының аймақтық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.

1 маусым күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында байқаудың Гала-концерті және марапаттау рәсімі сағат 17:00-де өтті.

Байқаудың мақсаты:

Балалардың шығармашылығын дамыту, үлкен сахнаға жол ашу, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру және жас таланттарды қолдау.

Іріктеу кезеңіне облыстың барлық аудандарынан және қалаларынан 516 бала қатысты, олардың ішінен 326 бала облыстық байқауға жолдама алды.

Байқау номинациялары:

  1. Эстрадалық ән
  2. Дәстүрлі ән
  3. Хореография
  4. Жеке аспапта ойнау

Қатысушылар 3 жас тобы бойынша сайысқа түсті:

  • Кіші топ: 5-8 жас
  • Орта топ: 9-11 жас
  • Үлкен топ: 12-15 жас

Қазылар алқасы құрамы:

  • Сабитова Айгүл Ташболатқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, қазылар алқасының төрайымы
  • Атаметов Нодыржан Закирджанович – Халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты, Д.Рақышев атындағы филармонияның «Жетісу» халық би ансамблінің балетмейстері
  • Лахаева Гүлбану Сейілханқызы – Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Д.Рақышев атындағы филармонияның жеке дауыстағы эстрада әншісі
  • Орынбасар Таңжарық Бинисламұлы – Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Д.Рақышев атындағы филармонияның аспапшы артисі
  • Айдарәли Жанатбек – Ақын, дәстүрлі әнші, Жетісу облысы халық шығармашылығы орталығының мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Байқау қорытындысы бойынша әр номинация және жас топтар бойынша жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.