
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне «Өнер фабрикасы» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Шара балалардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығаюына, ортада еркін араласуына ықпал етті. Шығармашылық процесс балаларға жағымды эмоция сыйлап, көңіл-күйлерін көтерді. Сондай-ақ, балаларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.